Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Жәнібек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | Т. Кадимов |
| 2022 жылғы 4 қарашадағы № 24-3 шешіміне қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,0 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,13 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқада мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,04 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
10 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
11 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіп тауар дүкендері, | сауда алаңы 1 м2 | 1,08 |
13 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,9 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,8 |
15 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
16 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 0,11 |
17 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
18 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
19 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
20 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
