Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-32/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |
