Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27842 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
| 2022 жылғы 28 желтоқсандағы | |
| № 285 қаулысына | |
| қосымша | |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
| 2022 жылғы 29 сәуірдегі | |
| № 96 қаулысына | |
| 2-қосымша |
2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
Реттік саны № | Облыстың атауы | Субсидиялар көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 15 302 389 000,00 |
Барлығы | 15 302 389 000,00 |
