Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |
| 2022 жылғы 21 қарашадағы | |
| № 17/174 шешіміне қосымша |
Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3 |
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,04 |
1.2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,04 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,82 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,04 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,44 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,35 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,44 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,04 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,44 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,87 |
10. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,023 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
14. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
15. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
16. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 1,8 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,9 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,9 |
19. | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны | 2,43 |
