"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңақорған ауданы әкімінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28971 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |
