"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 52 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5742 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жалағаш ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Дарибаев |
