"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-16-428 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің Петровка ауылының аумағында ұсақ қара малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Николаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28956 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Николаев ауылдық округінің әкімі |
Е.Лысенко |
