Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 қарашадағы № 01-11/291 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының Киров көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24724 болып тіркелген) № 453 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің әкімі |
К. Дарбаев |
