Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 17.11.2025 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы каулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 17.11.2025 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулысының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Науырзым ауданының әкімі | Т. Карбозов |
| Қостанай облысы | |
| Науырзым ауданың әкімдігінің | |
| 2021 жылғы 5 ақпандағы | |
| № 43 қаулысына | |
| қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 17.11.2025 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) хормейстер;
3) концертмейстр;
4) кітапханашы;
5) библиограф;
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
7) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;
8) музыкалық жетекші.
3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) әдіскер.
| Әкімдіктің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 43 қаулысына 2-қосымша |
Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 әкімдіктің қаулысы (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8001 болып тіркелген).
2. Әкімдіктің "Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 әкімдіктің қаулысы (2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген).
3. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 61 әкімдіктің қаулысы (2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9187 болып тіркелген).
