"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әкімнің кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шолақашы ауылдық округінің әкімі | Ш. Бустекова |
| Шолақашы | |
| ауылдық округі әкімінің | |
| 2021 жылғы 16 қыркүйектегі | |
| № 4 шешіміне | |
| қосымша |
Әкімнің күшi жойылған кейбiр шешімдердің тiзбесi
1. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 болып тіркелген) № 1 шешімі.
2. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440 болып тіркелген) № 1-ш шешімі.
3. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы "Әкімнің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1-ш "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген) № 4-ш шешімі.
