"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 шілдедегі № 123 қаулысына (2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Б. Нургалиев |
| Әкімдіктің | |
| 2021 жылғы 20 қаңтардағы | |
| № 21 қаулысына | |
| қосымша | |
| Әкімдіктің | |
| 2018 жылғы 13 шілдедегі | |
| № 123 қаулысына | |
| қосымша |
Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ р/с | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Ұзындығы, километр |
1 | KP-DS-1 | "Денисовка-Заәйет" | 28 |
2 | KP-DS-2 | "Денисовка-Некрасовка" | 3 |
3 | KP-DS-3 | "Денисовка-Денисовка станциясы" | 2,7 |
4 | KP-DS-4 | "Заәйет-Жалтыркөл" | 18 |
5 | KP-DS-5 | "Заәйет-Әйет" | 5 |
6 | KP-DS-6 | "Денисовка-Гришенка" | 2 |
7 | KP-DS-7 | "Заәйет-Свердловка" | 5 |
8 | KP-DS-8 | "Заәйет-Фрунзенское" | 2 |
9 | KP-DS-9 | "Денисовка-Алшан" | 2 |
10 | KP-DS-10 | "Свердловка-Подгорное" | 5 |
11 | KP-DS-11 | "Приреченка-Аршалы" | 20 |
12 | KP-DS-12 | "Аршалы-Набережное" | 4 |
13 | KP-DS-13 | "Қырым-Озерное" | 12 |
14 | KP-DS-14 | "Перелески-Қырым" | 19 |
15 | KP-DS-15 | "Денисовка-Покровка" | 38 |
Денисов ауданы бойынша барлығы: | 165,7 | ||
