Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының 20.04.2023 № 15/78 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.
2. Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/1 "Приозерск қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3904 болып тіркелді, 2016 жылғы 5 тамызда № 31/467 "Приозерский вестник" газетінде, 2016 жылғы 9 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушысы | Д. Саденов |
| Приозерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 Қаулға қосымша |
Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындары
№ | Сауда орындары |
1 | Кисунько көшесі, № 13/3 үйдің алдында |
2 | Дружба Народов көшесі, № 2 үйдің алдында |
3 | Космонавттар көшесі, № 1/2 үйдің және Балқаш көшесі, № 2/2 үйдің алдында |
4 | Озерная көшесі №16, "Березка" дүкенінің алдында |
5 | Р.Қошқарбаев көшесі, № 7/1 және 7/2 үйлерінің алдында |
6 | Ағыбай батыр көшесі, № 2 үйдің алдында |
7 | Жеңіс бульвары, № 36, 34 үйлерінің алдында |
8 | Кисунько көшесі № 2/1 мәдениет-ағартушылық және ойын-сауық мекемесі ғимараттының алдында орналасқан қалалық орталық алаң |
9 | Кисунько көшесі № 2 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының ғимараттының алдында орналасқан қалалық кіші алаң |
