Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының көлемін анықтау:
1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ әр алушыға 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ әр алушыға 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) толық емес отбасылар;
5) қандастар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/6 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысының м.а. | М. Коновалов |
