Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 6 маусымдағы № 3/28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
А.Кульбаева |
|
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Рыспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Қорғалжын ауданының әкімі | Б.Жанбаев |
