Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № А-204 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 шілдеде № 23255 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысының Аршалы ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Ж. Абдикаримовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулысы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі А.Байманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы


  Ақмола облысы, Аршалы
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ А-204 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 13.06.2025 № А-06/124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекендердің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Аршалы кенті

Жұмабек Тәшенов атындағы көшесі 22 "а" Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд
Станционная көшесі 28 "ҚТЖ–ЖҮК ТАСЫМАЛЫ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – "ЖТ Қарағанды бөлімшесі" филиалы ғимаратының жанындағы стенд
Коммунальная көшесі 11 "А" жеке құрылыс ғимаратының жанындағы стенд

2

Анар станциясы

Ж. А. Тәшенов көшесі 18 "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Анар ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд

3

Арнасай ауылы

Желтоқсан көшесі 26 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

4

Ақбұлақ ауылы

Набережная көшесі 68 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Ақбұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Бірсуат ауылы

Жеңіс көшесі 29 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Бірсуат ауылындағы Біләл Тналин атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

6

Бұлақсай ауылы

Оқжетпес көшесі 6 "Аршалы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бұлақсай ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд

7

Елтоқ ауылы

Орталық көшесі 3 "Аршалы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Елтоқ ауылының клубы ғимаратының жанындағы стенд

8

Жібек жолы кенті

Қазыбек би көшесі 44 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд
Құрманов және Достық көшелерінің қиылысында

9

Жалтыркөл ауылы

Әлихан Бөкейханов атындағы көшесі 5 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыркөл ауылы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

10

Ижевское ауылы

Садовая көшесі 16 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Ижев ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

11

Константиновка ауылы

Центральная көшесі 41 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Константинов ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12

Михайловка ауылы

Абай көшесі 13 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Михайлов ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Түрген ауылы

Жастар көшесі 15 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Түрген ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд
Жеңіс көшесі 38 "Tamyr 2024" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд

14

Сарыоба ауылы

Абай көшесі 28 "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Сарыоба ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд


  Ақмола облысы, Аршалы
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ А-204 қаулысына
2 қосымша

Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қаулысы 2-қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 13.06.2025 № А-06/124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекендердің атауы

Сайлаушылармен кездесу өткізу мақсатында кандидаттарға шарт негізінде уақытша пайдалануға берілетін үй-жайлар

1

Аршалы кенті

Жұмабек Ташенов атындағы көшесі 22 "а" – "Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының акт залы

2

Анар станциясы

Ж.А. Ташенов көшесі 18 – "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық кәсіпорыны меншігіндегі "Анар ауылдық клубы" ғимаратының акт залы

3

Арнасай ауылы

Мира көшесі 2 – "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық кәсіпорынына қарасты Арнасай ауылдық Мәдениет үйінің акт залы

4

Ақбұлақ ауылы

Набережная көшесі 68 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Ақбұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Бірсуат ауылы

Бейбітшілік көшесі 9 – "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" кәсіпорынына қарасты Бірсуат ауылдық клубының акт залы

6

Бұлақсай ауылы

Сейфуллин көшесі, 5б – Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылы білім бөліміне қарасты негізгі орта мектептің акт залы.

7

Елтоқ ауылы

Орталық көшесі 5 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Елтоқ ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

8

Жібек жолы кенті

Қазыбек би көшесі 44 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының акт залы

9

Жалтыркөл ауылы

Әлихан Бөкейханов атындағы көше 5 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыркөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының акт залы

10

Ижевское ауылы

Садовая көшесі 13 "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Ижев ауылдық клубы ғимаратының акт залы

11

Константиновка ауылы

Центральная көшесі 52 "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Константинов ауылдық клубы ғимаратының акт залы

12

Михайловка ауылы

Абай көшесі 15 "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Михайлов ауылдық клубы ғимаратының акт залы

13

Түрген ауылы

Жастар көшесі 15 "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Түрген ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

14

Сарыоба ауылы

Абай көшесі 23 "Аршалы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Сарыоба ауылдық клубы ғимаратының акт залы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады