Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:
467 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
040 "Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:
253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
043 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";
07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
279 "Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
046 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен";
048 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен";
458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен";
2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:
343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 005, 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
"010 Нөсер кәрізін дамыту
005 Ішкі қарыздар есебінен
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";
466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
058 "Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 052 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"052 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
255 "Өсімдік шаруашылығы өнiмiн өндіруді, өткізуді дамыту үшін жағдай жасау" бюджеттік бағдарлама бойынша:
118 "Астықтың резервтік қорын сақтау бойынша "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның шығыстарын өтеу" бюджеттік кіші бағдарлама бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
1 "Өнеркәсiп" функционалдық кіші тобында:
249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
024 "Шекара бөлімшелерін жобалау және салу" бюджеттік бағдарлама бойынша:
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен" бюджеттік кіші бағдарлама алып тасталсын;
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
4 "Әуе көлiгi" функционалдық кіші тобында:
268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
051 "Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуы" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
