ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 2-тармағына, 42-бабының 1-1 және 3-тармақтарына, 45-бабының 6-тармағына, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына және 12-бабының 9-1) және 9-3) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 56 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың:
1) Ұйымның қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар түрінде қарыз алушыға қойылатын талаптарының;
2) Ұйымның қарыз алушыға қойылатын Ұйымның балансынан есептен шығарылған талаптарының;
3) Ұйымда уәкілетті органның секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға жазбаша растауы жоқ қарыз алушыларға тиесілі секьюритилендірілген активтер түріндегі талаптардың;
4) секьюритилендіру позициялары түріндегі талаптардың;
5) Ұйымның қарыз алушыға 2-кестеге сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелері түріндегі талаптарының;
6) Ұйым қарыз алушы үшін үшінші тұлғалардың пайдасына немесе қарыз алушының алдында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарда көзделген өзге де негіздер бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған талаптардың сомасы ретінде;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер сомасы, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторынан кепілдік алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті компания тартқан үлескерлердің ақшасы, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша мынадай:
осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде Ұйымның басқаруына берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған бағалы металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Standard & Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету сомасы шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің есебіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне талаптар, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ"-дан төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі ұзақмерзімді рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттары, сондай-ақ құрылған күнінен бастап Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы сатып алатын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналыста болу үшін жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша талаптар кірмейді.".
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. "Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған:
1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
өтімділік коэффициенттерін:
ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;
2) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша - меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
3) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша - банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
4) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор бойынша - негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейін төмендету;
5) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша - жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
6) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша - активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;
7) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша - ұлттық валютамен өтеу коэффициентін кемінде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) деңгейіне дейін жеткізу.".
6. "Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19683 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Микрокредит алу үшін өтініш беруші-жеке тұлға мыналарды ұсынады:
1) микрокредитті пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берілген жағдайда), өтініш берушінің микрокредитті өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы не қамтамасыз етудің жоқ екендігі туралы мәліметтері бар өтініш (ломбард кепілге салу билетін берген кезде талап етілмейді);
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі бар резиденттер мен бейрезиденттер үшін), туған күні, құжат нөмірі, берген орган, құжаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпарат;
3) өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қою құқығын растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін);
4) егер берілетін микрокредит мүлік кепілімен қамтамасыз етілетін жағдайда - кепіл туралы шарт (ломбард кепіл билетін берген кезде талап етілмейді), тіркелуге тиіс мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда – мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік;
5) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар және ақпарат (кредиттік серіктестікте және ломбардта микрокредит алған кезде талап етілмейді).";
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) микрокредит беру туралы шартқа қатысты қолданылады.
Қағидалардың талаптары микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) қолданылады.".
| Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
