1. "Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16596 тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 416-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 416-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу тәртібін айқындайды.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
