БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2012 ж., № 3, 443 бетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;
4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау;
5) сәйкестендіргіш – электрондық есептің бірегей нөмірі.";
4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталында орналасқан "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисті (бұдан әрі – Сервис) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Сервис арқылы жасалады. Сервиспен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрықпен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" АЖ-де электрондық түрде 2017 жылы 8 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;
2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Сервисте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат" Есепті кезең _____ 20___ жыл
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Ұйымның атауы: _______________________________________________
Ұйымның БСН: _________________________________________________
Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________
мың. теңге
Мүлік түрі | Саны | Алғашқы құн | Жинақталған амортизация | Құнсызданудан шығындар | Теңгерім құны (3-баған - 4-баған - 5-баған) | Қайта бағалау сомасы (+/-) | Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған) | Техникалық паспорттары бар объектілер саны | Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны | Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. Ғимараттар, жерлер** | ||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар | ||||||||||
Тұрғын ғимараттар | ||||||||||
Жер | x | *** | ||||||||
2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар) | ||||||||||
3. Беру қондырғылары | ||||||||||
Электр беру және байланыс қондырғылары | ||||||||||
Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері | ||||||||||
4. Көлік құралдары | ||||||||||
Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы | ||||||||||
Су көлігі | ||||||||||
Автомобиль көлігі | ||||||||||
Әуе көлігі | ||||||||||
Ат көлігі | ||||||||||
Өндірістік көлік | ||||||||||
Спорттық көлік | ||||||||||
5. Машиналар және жабдық | ||||||||||
Күш машиналары және жабдық | ||||||||||
Жұмыс машиналары және жабдық | ||||||||||
Өлшеу аспаптары | ||||||||||
Реттеуші аспаптар және қондырғылар | ||||||||||
Лабораториялық жабдық | ||||||||||
Компьютерлік жабдық | ||||||||||
Медициналық жабдық | ||||||||||
Кеңсе жабдығы | ||||||||||
Өзге де машиналар және жабдық | ||||||||||
6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал* | ||||||||||
Құралдар | ||||||||||
Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар | ||||||||||
Шаруашылық мүкәммал | ||||||||||
Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал | ||||||||||
7. Өзге де негізгі құралдар | ||||||||||
Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар жасанды көп жылдық отырғызулар | ||||||||||
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар | ||||||||||
Өзге де мүкәммал | ||||||||||
Жұмыс малы | ||||||||||
Өзге де негізгі құралдар | ||||||||||
8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік** | ||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар | ||||||||||
Тұрғын ғимараттар | ||||||||||
Жер | x | |||||||||
9. Биологиялық активтер | ||||||||||
Жануарлар | ||||||||||
Көп жылдық отырғызулар | ||||||||||
10. Материалдық емес активтер | ||||||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету | ||||||||||
Авторлық құқықтар | ||||||||||
Лицензиялық келісім | ||||||||||
Патенттер | ||||||||||
Өзге де материалдық емес активтер | ||||||||||
11. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып
*** "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі.
x бұл жайғасым толтыруға жатпайды Бірінші басшы ____________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Бас бухгалтер ____________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.
4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).
9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).
11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.
