Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 03.10.2025 № 34-261-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 03.10.2025 № 34-261-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-375-VI "Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2019 жылғы 01 шілдеде № 5116 тiркелген және 2019 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Б. Умирзаков |
| Сарыағаш аудандық | |
| мәслихат хатшысы | Б. Садыков |
| Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 50-445-VI шешіміне қосымша |
Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 03.10.2025 № 34-261-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағымдағы шот – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шарты негізінде ашатын шот;
2) коммуналдық қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер (сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару және т.б.);
3. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-бөлім. Коммуналдық қызметтер төлеміне және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен өлшемі
4. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен, мамандардан өтініштер талап етілместен, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі – тізім) негізінде, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар немесе "Қазпошта" АҚ-ның аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына ақшалай түрде аудару арқылы жүзеге асырылады.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет, 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Сарыағаш ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Мамандарға коммуналдық қызметтерге төлем және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді қабылдау мерзімі мамандардың тізімі (бұдан әрі – тізім) келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні.
8. Уәкілетті орган қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мемлекеттік ұйымдары ұсынған тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Әлеуметтік көмек:
1) Сарыағаш ауданының аумағынан тыс аумақта тұрған;
2) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған болса, жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайларда көрсетілмейді.
10. Егер мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, уәкілетті орган мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын 3 (үш) жұмыс күні үшінде әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту жөнінде хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға арналған әлеуметтік қолдауды мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы көрсетеді.
