"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 266 "Оңтүстік Қазақстан облысында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 2112, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
| Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
| Ә.Е. Тұрғымбеков | |
| Ж.Е. Аманбаев | |
| С.А. Қалқаманов | |
| М.И. Мырзалиев | |
| Ұ.Қ. Тәжібаев | |
| А.А. Абдуллаев | |
| А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"______ №____қаулысына
| Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 қаулысына қосымша |
Түркістан облысында дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.11.2021 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Арнайы тұрақты үй-жайдың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайдың орналасқан жері |
Түркістан қаласы | ||
1. | "JAMAGAT" дүкені | Тәуке хан даңғылы, № 247е |
2. | "King’s school" дүкені | Тәуке хан даңғылы, № 162 |
3. | "Amina" дүкені | Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, № 14 құрылыс "Караван-сарай" сауда ойын-сауық орталығы |
4. | "Amina" дүкені | Әмір-Темір көшесі, № 7 Е (Арбат) |
5. | "Amina" дүкені | Түркістан қаласы, Шаға ауылдық округі, № 104 орам, № 1404 құрылыс, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы |
Сарыағаш ауданы | ||
6. | "Хадиша" дүкені | Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, "Алып" сауда қалашығы |
7. | "Нұр-береке" дүкені | Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, Алып" сауда қалашығы |
8. | "Раян" дүкені | Құркелес ауылдық округі, Абай көшесі № 33/2 |
Келес ауданы | ||
9. | "Аззие" дүкені | Абай ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 103 |
Жетісай ауданы | ||
10. | "Әсем" базары | Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 22/2 |
Отырар ауданы | ||
11. | "Арыстан баб" кесенесінің қақпасындағы жайма | Қоғам елді мекені, Ұ. Арғынбеков көшесі, "Арыстан баб" кесенесі |
Сайрам ауданы | ||
12. | "Ықылас" дүкені | Ақсукент ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 6 |
Шардара ауданы | ||
13. | "Алғи" дүкені | Шардара қаласы, Төле би көшесі, № 24/2 |
