"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Испергенов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 141 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Тобыл кенті | Тобыл кенті әкімі аппаратының "Балдәурен" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 140 | 43080 | 3 жастан бастап - 9600 |
2 | Береговое ауылы | Калинин ауылдық округі әкімі аппаратының "Балбөбек" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 50698 | 3 жастан бастап - 7000 |
3 | Майское ауылы | "Майский ауылдық округі әкімі аппаратының "Майский балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 90 | 37621 |
3 жасқа дейін - 7600 |
4 | Әйет ауылы | Әйет ауылдық округінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 136 | 45811 |
3 жасқа дейін - 8800 |
5 | Тобыл кенті | "Зира" жауапкершілік шектеулі серіктестігі | 50 | 33509 | 3 жастан бастап - 10000 |
