"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) әкімдіктің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Г. Бекмухамедов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 87 қаулысына қосымша |
| Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысына қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Адаевка ауылы | Школьная көшесіндегі тақта |
2 | Алтынсарин ауылы | Школьная көшесіндегі тақта, Октябрьская көшесіндегі тақта |
3 | Аралкөл ауылы | Абай көшесіндегі тақта |
4 | Арқа ауылы | Торговая көшесіндегі тақта |
5 | Бестөбе ауылы | Абай көшесіндегі тақта |
6 | Дружба ауылы | Советская және Волынов көшелерінің қиылысындағы стенд, Советская көшесіндегі тақта |
7 | Қамысты ауылы | Ленин және Ержанов көшелерінің қиылысындағы стенд, Құдайқұлов көшесіндегі тақта, Ержанов және Косма көшелерінің қиылысындағы тақта |
8 | Қарабатыр ауылы | Комсомольская көшесіндегі тақта |
9 | Клочков ауылы | Учительская көшесіндегі тақта |
