"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Әкімдіктің мынадай:
1) "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 (2014 жылғы 12 маусымда "Наше время" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4692 болып тіркелген);
2) "Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 71 қаулыларының (2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8417 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Б. Нургалиев |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 231 қаулысына қосымша |
Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 19.11.2021 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Денисовка ауылы |
Калинин - Нурпеисов көшелерінің қиылысындағы тақта; |
2 | Некрасовка ауылы | Комарова көшесіндегі стенд |
3 | Глебовка ауылы | "Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
4 | Антоновка ауылы | "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
5 | Покровка ауылы | "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
6 | Фрунзенское ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Фрунзе жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
7 | Әйет ауылы | орталық алаңдағы стенд |
8 | Зааят ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Заәйет негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
9 | Свердловка ауылы | "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
10 | Аршалы ауылы | "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық |
11 | Комаровка ауылы | "КОМАРОВА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы тұғырлық |
12 | Приреченка ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Приречен жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
13 | Қырым ауылы | "Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы стенд |
14 | Перелески ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Перелески жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
15 | Жалтыркөл ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Баталы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
