"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Теменов |
| 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 41 Әкімдіктің қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 129 қаулысы (2011 жылғы 24 ақпанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-129 болып тіркелген).
2. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2011 жылғы 25 қарашадағы № 408 қаулысы (2011 жылғы 8 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-147 болып тіркелген).
3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 408 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 151 қаулысы (2014 жылғы 5 маусымда "Әулиекөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген).
4. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 қаулысы (2015 жылғы 9 сәуірде "Әулиекөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 болып тіркелген).
5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге үміткерлердің барлығы үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 88 қаулысы (2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8415 болып тіркелген).
6. Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 54 қаулысы (2018 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733 болып тіркелген).
