Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 9/77 "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3292 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Тулеумаганбетов |
| Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | А. Досанова |
