Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардын өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №57/03 "Жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 маусымында электрондық түрде, "Жаңаарқа" аудандық газетінің 2020 жылы 13 маусымында №29 (9975) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3) "MININGMINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтүбек, Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі -1602,5 гектар жер учаскелеріне;";
қаулының 1 тармағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
"4) "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қараағаш, Байдалы би ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі - 3848,9 гектар жер учаскелеріне.".
2. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |
