Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
| Теміртау қалалық | |
| мәслихатының | |
| 2020 жылғы 29 шілдесі | |
| № 59/4 | |
| Шешімге 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) "Бірлік" сквері", сахна алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 500 адам;
2) Ескі қала паркіндегі сахна алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 300 адам;
3) "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 300 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Теміртау қаласы, Школьная көшесінен Панфилов көшесі бойымен, Республика даңғылында орналасқан Ескі қаладағы паркке дейін;
Ақтау кенті, Циолковский көшесінен Карл Маркс көшесі бойымен, "Ақтау" мәдени-бос уақытты өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның алдындағы алаңға дейін.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақөзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
| Теміртау қалалық | |
| мәслихатының | |
| 2020 жылғы 29 шілдесі | |
| № 59/4 | |
| Шешімге 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Теміртау қаласы мен Ақтау кенті келесі объектілерінде 100 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденциясы;
5) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.
| Теміртау қалалық | |
| мәслихатының | |
| 2020 жылғы 29 шілдесі | |
| № 59/4 | |
| Шешімге 3 қосымша |
Теміртау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3810 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 "Стальная гвардия" газетінде, 2016 жылдың 16 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 5/5 "Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3912 болып тіркелген, 2016 жылдың 1 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, электрондық түрде 2016 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 19 тамызында № 6 "Стальная гвардия" газетінде жарияланған).
3. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 6 қазандағы № 7/5 "Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4008 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 қазандағы № 8 "Стальная гвардия" газетінде, 2016 жылғы 31 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
