2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілгендер:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтаждары үшін орман ресурстарын жинау нормалары;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем мөлшерлемелері;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем мөлшерлемелері;
5) осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С.Аяганов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" Республикалық мемлекеттік мекемесі |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-4 шешіміне 1-қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтаждары үшін орман ресурстарын жинау нормалары
№ | Орманды пайдалану және ресурстар түрінің атауы | Бір адамға жинау нормасы, килограмм |
1 | Қосалқы сүрек ресурстарын жинау | |
1.1 | Қабықтар | 10 |
1.2 | Бұтақтар | 200 |
1.3 | Жапырақтар | 10 |
1.4 | Бүршіктер | 10 |
1.5 | Томарлар | 500 |
1.6 | Тамырлар | 200 |
2 | Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинау | |
2.1 | Шөптер | 20 |
2.2 | Гүлдер | 10 |
2.3 | Жапырақтар, сабақтар және өркендер | 10 |
2.4 | Жемістер және жидектер | 20 |
2.5 | Тамырлар | 10 |
2.6 | Бүршіктер | 10 |
3 | Жанама орман ресурстарының кейбір түрлерін жинау | |
3.1 | Жемістер және жидектер | 30 |
3.2 | Саңырауқұлақтар | 50 |
3.3 | Мүк | 50 |
3.4 | Орман жамылғысы және түскен жапырақтар | 50 |
3.5 | Қамыс | 500 |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-4 шешіміне 2-қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем мөлшерлемелері
№ | Орманды пайдалану және ресурстар түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі |
1 | Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде шайыр және ағаш шырындарын дайындау | ||
1.1 | Шайыр дайындау | гектар | 0,62 |
1.2 | Ағаш шырындарын дайындау | гектар | 0,31 |
2 | Дайындалған шайыр және ағаш шырындарының әрбір центнері үшін | ||
2.1 | Шайыр дайындау | центнер | 0,39 |
2.2 | Ағаш шырындарын дайындау | центнер | 0,25 |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-4 шешіміне 3-қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері
№ | Қосалқы сүрек ресурстары | Өлшем бірлігі | Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін түрлері бойынша | ||
қайың | көктерек, терек, ағаш тектес тал | қарағай | |||
1 | Қабықтар | тонна | 0,016 | 0,011 | 0,021 |
2 | Бұтақтар | тонна | 0,032 | 0,022 | 0,042 |
3 | Жапырақтар | тонна | 0,024 | 0,016 | 0,032 |
4 | Бүршіктер | килограмм | 0,016 | 0,011 | 0,021 |
5 | Түбірлер | тонна | 0,008 | 0,005 | 0,010 |
6 | Тамырлар | тонна | 0,048 | 0,033 | 0,063 |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-4 шешіміне 4-қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем мөлшерлемелері
№ | Орманды пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі |
1 |
Шабындық алқаптарының сапалық жай-күйінің топтары бойынша шөп шабу: |
гектар |
0,975 |
2 |
Мал жаю |
бас |
1,109 |
3 |
Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат |
килограмм |
0,005 |
4 |
Орман ресурстарының жекелеген түрлерін дайындау |
килограмм |
0,047 |
5 | Аң шаруашылығы және марал шаруашылығы | гектар | 0,870 |
6 | Ара ұялары мен омарталар орналастыру | араның ұясы | 0,813 |
7 | Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру | гектар | Қазақстан Республикасының Салық кодексімен анықталған жер салығының деңгейінде |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-4 шешіміне 5-қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері
№ | Орманды пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану | |||
1 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажетіне пайдалану | гектар | 0,813 |
2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | гектар | 0,406 |
3 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану | гектар | 0,292 |
4 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларын отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану | гектар | 0 |
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін) | |||
1 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | 1 күн | 0,1 |
2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану | 1 күн | 0,1 |
