Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттандыру және байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тұрғымбаев |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) арнаулы мемлекеттік архив – "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;
3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;
4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;
6) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
7) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
8) цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
9) Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2025 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) портал арқылы өтініш береді.
Сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері болған кезде өтінішке қоса беріледі.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдағанда көрсетілетін қызметті берушіден осы тармақта санамаланған құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушінің қабылдағанын құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген қабылдау күні мен уақыты, кіріс құжаттың нөмірі белгіленген оған берілген өтініш көшірмесі растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы сұрау салу келіп түскенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге салынған сұрау салудың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және алатын орнын көрсете отырып хабарлама жолданады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін негізгі талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мынадай жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратылған ақпаратты архивтік қорлар (қағаз түрінде) бойынша іздеуді 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші сұратылған мәліметтер анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышта архивтік анықтаманы және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін дайындайды, оған басшы қол қояды. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы немесе почталық байланыс арқылы, Тізбемен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мұрағаттық сақтауда жоқ екендігі туралы жауап дайындайды.
Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Архивте сақталатын архивтік құжаттардың құрамына жатпайтын сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиесілігі бойынша қажетті архивтік құжаттар сақталатын басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберіледі және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы хабарланады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мынадай _________________________________________________________ жылдағы (жылдардағы): __________________________________________________________________ (көрсетілген мерзімде мәліметтер сұратылып отырған адамның __________________________________________________________________ тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ туралы (сұратылатын мәліметтерді көрсету қажет) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Мәліметтерді растау туралы архивтік анықтаманы (архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер немесе үзінділер) беруді сұраймын. Қосымша: сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері (болған кезде) 1)________________________________________; 2)________________________________________; 3)_________________________________________. Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20 __ жылғы "____"_______________ ________________ (қолы).
Нысан
| _______________________ көрсетілетін қызметті алушының (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы) ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1)________________________________;
2) ________________________________;
3) _________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Күні
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________
Тел._________________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __жылғы "__" ____________
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | |
Көрсетілетін қызметтің атауы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | жоқ |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні.Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; Өтінішті ресімдеу үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) қағаз түрінде. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақымөлшерін және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдістері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады; |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде: |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негігі талаптар тізбесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары | Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2022 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ішкі істер министрлігі, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) арнаулы мемлекеттік архив – "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;
3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;
4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;
6) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
7) апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
8) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
9) цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
10) Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.11.2025 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасымалдағышта не портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы нөмірі мен мерзімін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімін көрсете отырып, қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға құжат қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация, немесе портал арқылы түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға береді (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішке ұсынған өтініште және немесе құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол тиісті мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайлы, Тізбенің 5- тармағында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.9. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, апостиль мөртабанын қояды, апостиль мөртабанына елтаңбалық мөр басып, Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабын толтырады. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Тізбеде белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.11.2025 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.11. Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері қолхат негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты, және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
14. Мемлекеттік корпорация нәтижені 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
15. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күн ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметтің атауы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністернен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою |
2. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні.Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; Өтінішті ресімдеу үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді. |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) қағаз түрінде. |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Апостиль қойылған архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақымөлшерін және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдістері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі қызметалушы) ақылы негізде көрсетіледі.Салық кодексінің 667-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленетін күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 пайызын құрайды. Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады; |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негігі талаптар тізбесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары | Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2026 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы мемлекеттік архив берген
___________________________________________________________________________
(архивтік анықтамалардың және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелеріне) апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын.
Қосымша:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 __ жылғы "___"_______________ ___________ (қолы).
Нысан
| ________________________ көрсетілетін қызметті алушының (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2023 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1)________________________________;
2) ________________________________;
3) _________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Күні
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________
Тел._________________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __жылғы "__" ____________
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11087 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 440 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11359 болып тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 346 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 мамырда № 18624 болып тіркелген);
4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №4 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 733 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 тамызда № 19295 болып тіркелген).
