Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 71 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 тіркелген, 2014 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Нурекешевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Тасқала аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ А.Ғ.Нұрмақов
22 мамыр 2019 ж.
| Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 125 қаулысына қосымша |
Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 16.06.2026 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елдi мекеннiң атауы | Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары |
1 | Ақтау ауылы |
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды; |
2 | Ақкүтір ауылы | Ақкүтір ауылдық медициналық пункт ғимаратының алды |
3 | Амангелдi ауылы | Ауылдық мәдениет үйi ғимаратының алды |
4 | Бiрiншi Шежiн ауылы | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бірінші Шежін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
5 | Достық ауылы |
Достық ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды; |
6 | Бастау ауылы | "БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бастау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды. |
7 | Ынтымақ ауылы | "БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Ынтымақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды. |
8 | Атамекен ауылы |
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды; |
9 | Қалмақшабын ауылы | Қалмақшабын ауылы, Қалмақшабын көшесі, 19, "Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Қалмақшабын ауылдық кітапхана ғимараты |
10 | Тасқала ауылы |
Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы " мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны ғимаратының алды; |
11 | Бiрлiк ауылы | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің" Бірлік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
12 | Оян ауылы | Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды |
13 | Кеңжайлау ауылы | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимаратының алды |
14 | Мереке ауылы | Ауылдық мәдениет үйi ғимаратының алды |
15 | Мерей ауылы | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Мерей ЖОББ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
16 | Айнабұлақ ауылы | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің" Айнабұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
17 | Тоғайлы ауылы | Ауылдық кітапхана ғимаратының алды |
18 | Екiншi Шежiн ауылы | Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды |
