ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындылары негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Секисовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округінің Секисовка ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Советская көшесі Бастау көшесіне";
Киров көшесі Мирная көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Секисовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | М. Калынов |
