“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) “Жалағаш ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 116 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5541 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 7 шілдеде “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) “Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 191 қаулысымен бекітілген Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5975 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | Қ.Сәрсенбаев |
