"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексiнің 139-бабының 9-тармағына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 363; 23.02.2022 № 134 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.2. "Жоғарылатылған лауазымдық айықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" Қармақшы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 175 шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 4693 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 маусымда және аудандық "Қармақшы таңы" газетiнiң 2014 жылғы 25 маусымда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясының төрағасы |
А.Қаржаубаев |
|
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |
