ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10436 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 4 және 5 – жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Өндіріс паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық | Технологиялық жабдықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Көрсетілген жабдықтың болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді |
4. | Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары | Өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Өлшеу құралдарының болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді |
5. | Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар | Зертхананың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Зертхананың болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді |
| "; |
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, мыналар:
1) өлшеу құралының атауы _____________________________________;
2) аумақтық өндіріс орнын көрсете отырып өндірушінің атауы
_____________________________________________________________;
3) типі _______________________________________________________;
4) моделі _____________________________________________________;
5) зауыттық нөмірі _____________________________________________;
6) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күнін көрсете отырып тексеру
(калибрлеу) туралы сертификаттың нөмірі _____________ көрсетілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
