Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 19394 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 72 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 30.07.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар бекітілсін.

      2. Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13363 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 шілдедегі № 130 (28256) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 81 бұйрығымен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар

Жіктеу факторлары

Өлшем бірлігі

Шекті мәндер

Көрсеткіштер (балл)

1. Демографиялық блок (50 балл)

Халық саны

Тұрғындар саны, адам

Халық тығыз қоныстанған облыстар

7 600 адамнан артық

20

7 600 адамнан аз

Халық саны / 7 600 * 20

Халық орташа қоныстанған өңірлер

2 800 адамнан артық

20

2 800 адамнан аз

Халық саны / 2 800 * 20


Халықтың көші-қоны

Халық санының өсімі/халықтың кетуі, адам

Бірінші бесжылдық кезең:
есепті жылға дейінгі соңғы 5 жылдағы халық динамикасы (12 балл)

Бастапқы жылдан +20% артық

12

-20%-дан +20%-ға дейін

(Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * 12

-20% аз

0

Екінші бесжылдық кезең: бірінші бесжылдық кезеңге дейінгі 5 жылдағы халық динамикасы (8 балл)

Бастапқы жылдан +20% артық

8

-20%-дан +20%-ға дейін

(Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * 8

-20% аз

0


Халықтың ұзақ мерзімді әлеуеті

Халықтың жалпы санынан экономикалық белсенді жас (16-29 жас) халықтың үлесі, %

30% артық

10

30% аз

(16-29 жастағы халық / Жалпы саны) / 30% * 10

2. Инфрақұрылымдық блок (30 балл)

Орталықтандырылған сумен жабдықтау

Халықтың жалпы санынан орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі, %

90% артық

6

90% аз

Үлес / 90% *6


Облыстық және / немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі ұзындық

Автомобиль жолына дейінгі қашықтық, километр

20 километрден артық

0

20 километрден аз

[1 - (Қашықтық / 20)] * 6


Кентішілік жолдар

Кентішілік жолдармен қамтамасыз етілуі, километр / мың тұрғын

4,5 километрден артық / мың тұрғын

3

4,5 километрден аз/мың тұрғын

(Жолдардың километр / мың тұрғын) / 4,5 * 3


Мектепке дейінгі мекемелер

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын

45-тен артық орын / мың тұрғын

3

45-тен аз орын/мың тұрғын

(орын саны / мың тұрғын) / 45 * 3


Мектеп мекемелері

Мектеп мекемелерімен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын

130-дан артық орын / мың тұрғын

3

130-дан аз орын/мың тұрғын

(орын саны / мың тұрғын) / 130 * 3


Медициналық мекемелер

Медициналық мекемелермен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын

Стационарлық мекеме (ауруханалар) болған жағдайда)

4-тен артық төсек-орын / мың тұрғын

3

4 төсек-орыннан аз /мың тұрғын

(төсек-орын саны / мың тұрғын) / 4 * 3

Амбулаторлық мекемелердің сыйымдылығы баламалы түрде қолданылады

6 келуден артық / адам

3

6 келуден аз / адам

(жылдық өткізу қабілеті / мың тұрғын) / 6 * 3


Ұялы байланыс

Ұялы байланыстың болуы

Бар

3

Жоқ

0


Интернетке кең жолақты қол жетімділік (КЖҚ)

Интернетке КЖҚ болуы

Бар

3

Жоқ

0

3. Экономикалық блок (20 балл)

Жұмыспен қамтылу деңгейі

Жалдамалы жұмыскерлер саны, адам

750 адамнан артық

10

750 адамнан аз

жалдамалы жұмыскерлер саны / 750 * 10


Жалпы қосылған құн

Мал шаруашылығының жалпы қосылған құны, миллион теңге

150 миллион теңгеден артық

6

150 миллион теңгеден аз

(Бас саны * бір бастың бағасы) / 150 миллион теңге * 6

Өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құны, миллион теңге

240 миллион теңгеден артық

4

240 миллион теңгеден аз

(Өнімнің көлемі * бір тоннаның бағасы) / 240 миллион теңге* 4

4. Геокеңістіктік блок (±5 балл)

Туристік аймақтар

Бағдарламалық құжаттарда көрсетілген туристік объектілерден қашықтық, километр

Республикалық деңгейдегі туристік объектілерден 30 километр кем

5

Өңірлік деңгейдегі туристік объектілерден 10 километр кем

3

Экологиялық аймақтар

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтары шегінде орналасқан жер

-5

Шекара маңындағы ауылдық елді мекендер

Шекара маңындағы ауылдық елді мекендерінің тізімдері облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен қалыптастырылады және бекітіледі



Балл Қорытынды 100

Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер

Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек ауылдық елді мекендері

65 балдан артық

Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек ауылдық елді мекендері

55 балдан артық

Даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендер

Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің ауылдық елді мекендері

65 балдан аз

Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің ауылдық елді мекендері

55 балдан аз

      Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған осы өлшемшарттар олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін есептеуге арналған.

      Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есептемесі осы өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес түсіндірме бойынша жүзеге асырылады.

      Ескертпе: / - бөлу белгісі, * - көбейту белгісі

  Ауылдық елді мекендерді
айқындауға арналған
өлшемшарттарға
қосымша

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есептемесі бойынша түсініктеме

      1. Ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттардың негізгі мақсаты кластерлер, сондай-ақ жақын жатқан (спутниктік) және шекара маңындағы АЕМ шеңберінде қаралатын тірек ауылдық елді мекендерді айқындау болып табылады.

      Тірек АЕМ – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарын мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдар жасалатын абаттандырылған ауылдық елді мекен.

      Кластерлерді қалыптастыру бойынша қашықтық халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін 10 километр (Түркістан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары) және халық орташа қоныстанған өңірлер үшін 15 километр (Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары) құрайды.

      2. Өлшемшарттар 15 жиынтық көрсеткішті қамтитын мынадай: демографиялық, инфрақұрылымдық, экономикалық және геокеңістіктік болып 4 блокқа бөлінеді.

      3. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде әлеуметтік-демографиялық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Демографикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең көп – ең жоғары жиынтық балл 50, инфрақұрылымдық блоктың көрсеткіштері - 30 балл, экономикалық блоктың көрсеткіштері – 20 балл, геокеңістіктік блок - ± 5 балл.

      Төменде келтірілген шекті мәндер халықаралық тәжірибеге (21 елдің көрсеткіштері талданды), елішілік көрсеткіштерге, республика бойынша орташа мәндердің есептемесіне сүйене отырып есептелді.

      4. Демографиялық блоктың жіктеу факторлары:

      1) халық саны – 20 балл. Есептеме ретінде өңірлік демографиялық шектердің (бұдан әрі – ӨДШ) халқының санына қарай айқындалған 4-ке тең түзету коэффициенті алынады.

      ӨДШ АЕМ халқының санын облыстар бойынша бөлудің орташа мәні (медианы) негізінде айқындалған және мынадай екі санатқа бөлінеді:

      1) халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 1 900 адам/АЕМ;

      2) халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 700 адам/АЕМ.

      Жіктеу факторының есептемесі: халықтың ағымдағы саны/ (ӨДШ*4)*20 (ең жоғары мән 20 балл болған кезде).

      Бұл ретте, "ӨДШ*4" өрнегінің мынаған тең тіркелген мәні болады:

      халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 7 600 адам (1 900 адам/ АЕМ * 4);

      халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 2 800 адам (700 адам/АЕМ*4);

      2) халықтың көші-қоны – 20 балл. Бұл көрсеткіш екі шекті мәнге бөлінеді:

      бірінші бесжылдық кезең (мысалы, 2013-2017 жылдары) – есепті жылға дейінгі соңғы 5 жылдағы халық динамикасы – 12 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20%;

      екінші бесжылдық кезең (мысалы, 2008-2012 жылдары) – бірінші бесжылдық кезеңге дейінгі 5 жылдағы халық динамикасы – 8 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20% құрайды.

      Жіктеу факторының есептемесі: (Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * балл саны;

      3) халықтың ұзақ мерзімді әлеуеті - 10 балл. Бұл көрсеткіш халықтың жалпы санынан экономикалық белсенді жас (16-29 жас) халықтың үлесінен көрінеді. Шекті мән 30% - ға тең.

      Жіктеу факторының есептемесі: (16-29 жастағы халық саны / халықтың жалпы саны) / 30%*10.

      5. Инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:

      1) орталықтандырылған сумен жабдықтау – 6 балл. Балдар шекті мәні ~90% қамтамасыз етілуді негізге ала отырып халықтың орталықтандырылған сумен жабдықталуымен қамтамасыз ету үлесі бойынша беріледі.

      Жіктеу факторының есептемесі: (орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халық саны / халықтың жалпы саны) * 6;

      2) облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына дейінгі ұзындық – 6 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 20 километр ең жақын облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі қашықтық алынды. Ең жоғары балл АЕМ автомобиль жолының бойында орналасқан кезде беріледі - 0 километр.

      Жіктеу факторының есептемесі: (1 - (трассаға дейінгі қашықтық, км / 20))*6;

      3) кентішілік жолдар – 3 балл. Шекті мәні 4,5 километр / мың тұрғын болатын қатты жабынды кентішілік жолдармен қамтамасыз етілу. Ең жоғары балл нақты көрсеткіш 4,5 километр / мыңнан артық тұрғын болған кезде беріледі.

      Жіктеу факторының есептемесі: (қатты жабынды жолдардың ұзындығы, километр / халық саны) / 4,5*3;

      4) мектепке дейінгі мекемелер – 3 балл. Шекті мәні 45 орын/мың тұрғын болатын халықтың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі (100% - ға дейін).

      Жіктеу факторының есептемесі: (мектепке дейінгі мекемелердің сыйымдылығы / халық саны) / 45 * 3;

      5) мектеп мекемелері – 3 балл. Шекті мәні 130 орын/мың тұрғын болатын халықтың мектеп мекемелерімен қамтамасыз етілуі (100% - ға дейін).

      Жіктеу факторының есептемесі: (мектеп мекемелерінің сыйымдылығы/халық саны)/130*3;

      6) медициналық мекемелер – 3 балл. Халықты стационарлық қызмет көрсету мекемелері үшін (аурухана) шекті мәні 6 төсек-орын/мың тұрғын (100% дейін) және амбулаторлық қызмет көрсететін мекемелер үшін (емханалар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталықтары, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт) 6 келумен/ адам болатын медициналық мекемелермен қамтамасыз ету.

      Жіктеу факторының есептемесі: (төсек-орын саны немесе медициналық мекеменің өткізу қабілеттілігі/халық саны)/4 (немесе 6)*3;

      7) ұялы байланыс – 3 балл. Шекті мән АЕМ-де ұялы байланыстың болуымен немесе болмауымен айқындалады (бар-3 балл/жоқ-0 балл);

      8) интернетке кең жолақты қол жетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) – 3 балл. Интернетке КЖҚ болуына қарай (бар-3 балл/жоқ-0 балл).

      6. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:

      1) жұмыспен қамтылу деңгейі – 10 балл. Шекті мәні 750 адам болатын жалданып жұмыс істейтіндердің (жұмыспен қамтылғандардың) болуына байланысты бағалау.

      Жіктеу факторының есептемесі: жалдамалы жұмыскерлердің саны (өз бетінше жұмыспен айналысатындарды есепке алмағанда)/750*10;

      2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жиынтығы 10 балл. Бұл фактор екі санатқа бөлінеді:

      1) мал шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге – 6 балл. Статистикалық ақпаратқа сәйкес бағалары бойынша есептелген мал басының ақшалай құны. ЖҚҚ мал басының санын бір бас бағасына көбейту жолымен есептеледі. Шекті мән-150 миллион теңгеге тең.

      Жіктеу факторының есептемесі: (мал шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге/150 миллион теңге)*6;

      2) Өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ миллион теңге – 4 балл. Статистикалық ақпаратқа сәйкес бағалар бойынша есептелген жыл сайынғы өнімнің ақшалай құны. ЖҚҚ өнім көлемін бір тоннаның бағасына көбейту жолымен есептеледі. Шекті мән – 240 миллион теңгеге тең.

      Жіктеу факторының есептемесі: (өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге/240 миллион теңге)*4.

      7. Геокеңістіктік блок:

      1) туристік аймақтар – қосымша +5 (немесе +3) балл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген туристік объектілерден қашықтық.

      Республикалық деңгейдегі туристік объектілерден 30 километр кем орналасқан АЕМ – 5 балл.

      Өңірлік деңгейдегі туристік объектілерден 10 километр кем орналасқан АЕМ – 3 балл;

      2) экологиялық аймақтар – (-5) балл. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес төтенше радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтарында орналасқан АЕМ;

      3) шекара маңындағы АЕМ стратегиялық маңыздылығына, сауда-экономикалық өзара іс-қимылға және басқа да факторларға сүйене отырып, облыстар әкімдіктерінің қаулыларымен айқындалады және бекітіледі.

      8. Жиынтық балдар сомасы негізінде АЕМ топтастырылады және мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) Даму әлеуеті жоғары АЕМ:

      Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 65 балдан бастап;

      Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 55 балдан бастап;

      2) Даму әлеуеті орташа/төмен АЕМ:

      Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 65 балдан аз;

      Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 55 балдан аз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады