Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19215 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрлігінің
  Статистика комитеті төрағасының
  2019 жылғы "7" тамыздағы
  № 4 бұйрығымен бекітілді

      Ескерту. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) халықаралық стандарттарға сәйкес бақыланбайтын экономиканы бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ел экономикасына бақыланбайтын экономиканың экономикалық қызмет түрлері бойынша әсерін бағалау осы Әдістеменің мақсаты болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндегі түсініктер және келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) бақыланбайтын экономика - ұлттық шоттарды құру үшін пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмаған өндірістік қызмет түрлері;

      2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ) – аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы шығарылымның құны, ол жеке өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) салымының көрсеткіші ретінде қызмет етеді;

      3) жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      4) жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы;

      5) заңсыз тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер – сатылуы, таратылуы және оларды иелену Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді өндіру;

      6) көлеңкелі өндіріс (жасырын) – белгілі бір нормативтер мен ережелерге жауап беретін заңды болып табылатын, бірақ өндірістік қызметің мемлекеттік органдардан әдейі жасыратын қызмет түрі;

      7) корпорацияланбаған кәсіпорындар – бұл заңды тұлға статусы жоқ және олардың иесінен тәуелсіз болып табылмайтын өндірістік бірліктер;

      8) көлеңкелі экономика (көлеңкелі айналым) – бұл салықтарды төлеуден жалтару мақсатында өндірушілер өзінің табысының бір бөлігін немесе толығымен декларацияламауды дұрысырақ көретін, сондай-ақ есепке алынбаған еңбекті жалдап, еңбек заңнамасын немесе иммиграциялық тәртібін бұзатын немесе ұзақ және қымбат бюрократиялық рәсімдерді болдырмау үшін ресми рұқсатсыз жұмыс істеуге шешім қабылданатын қызмет;

      9) резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта экономикалық қызметпен біршама ұзақ кезеңде (1 жыл немесе одан да көп) айналысатын экономикалық мүдделердің басым орталығы берілген институционалдық бірлік;

      10) тіркелмеген кәсіпорындар – салықтан жалтару мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін тіркемеген кәсіпоындар;

      11) формалды емес сектор кәсіпорны – бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтық өндірісін жүзеге асыратын және заңды тұлға статусы жоқ үй шаруашылықтарының кәсіпорындары, бұл ретте үй шаруашылықтарында жалдау бойынша жұмыс істейтін адамдар және өзінің жеке тұтынуы үшін ғана ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын адамдар формалды емес секторға жатпайды;

      12) формалды емес сектор өндірісі - жұмыспен қамтылғандар саны бойынша мөлшері белгілі бір шекті мәннен төмен және қандай да бір нарықтық өндірісі бар тіркелмеген үй шаруашылықтары секторында корпорацияланбаған кәсіпорындар жүзеге асыратын өндірістік қызмет түрлері ретінде анықталатын өндіріс.

      5. Бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін Бюроның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері, сонымен бірге бақыланбайтын экономиканы тура немесе жанама бағалауға мүмкіндік беретін және анық есептеулерге негіз болатын әкімшілік деректер пайдаланылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бақыланбайтын экономиканың әдіснамалық аспектілері

1 - параграф. Бақыланбайтын экономика типтері

      6. Бақыланбайтын экономикалық қызмет түрлерін дұрыс сәйкестендіру мен өлшеу үшін бақыланбайтын экономиканың келесі 7 типі айқындалған: N1, N2, N3, N4, N5, N6 және N7.

      Бақыланбайтын экономикалық қызмет түрлерінің стандартты жиынтығы осы Әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген Еуростаттың бақыланбайтын экономика бойынша Кестелік тәсілінде сипатталған және ұлттық шоттардың толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін бақыланбайтын экономиканы кешенді және жүйелі бағалауды білдіреді, деректерге халықаралық салыстыру жүргізуге ықпал етеді.

      Бақыланбайтын экономиканың типтеріне келесілер жатады:

      1) N1 әдейі тіркелмейтін өндірушілер;

      2) N2 заңсыз қызметті жүзеге асыратын, әдейі тіркелмейтін өндірушілер;

      3) N3 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелмейтін өндірушілер;

      4) N4 байқаумен қамтылмаған заңды тұлғалар;

      5) N5 байқаумен қамтылмаған тіркелген кәсіпкерлер;

      6) N6 саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер;

      7) N7 басқа статистикалық жете есептемелер жатады. N7 типі N7a-ға және N7b-ге бөлінеді.

      Бақыланбайтын экономика типтерінің осындай классификациясы бақыланбайтын экономиканы бағалау процесін жеңілдетеді.

      7. Жаңа тауарлар өндірілмейтін және қызметтер көрсетілмейтін, және тек экономикалық активтерді қайта бөлу жүргізілетін экономикалық активтермен (ақшалармен, мүлікпен) операциялар бақыланбайтын экономиканы бағалауда: парақорлық, ұрлық, алаяқтық (соның ішінде банк саласында немесе бағалы қағаздармен операцияларда, рэкет, заңсыз түрде шетелге ақша аудару) және қалыптасқан ұлттық байлықты қайта бөлуге әкелетін заңға қайшы басқа да іс-әрекеттерді қамтымайды.

2-параграф. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістері

      8. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістері үш топқа бөлінеді: тікелей, жанама және құрама.

      9. Бақыланбайтын экономиканы бағалаудың тікелей әдістері іріктемелі байқаулар жүргізуді немесе үй шаруашылықтарының, жекелеген жеке тұлғалардың және кәсіпорындардың бақыланбайтын экономиканы қалыптастыруға қатысуын нақтылау мақсатында әкімшілік дереккөздер деректерін пайдалануды пайымдайды.

      Тікелей әдістерге келесі жұмыстар жатады:

      1) үй шаруашылықтары секторындағы өндіріс көлемін қосымша статистикалық байқау;

      2) көлеңкелі экономиканың шынайы ауқымын анықтау және айқындау мақсатында кәсіпорындар қызметін қосымша статистикалық байқаулар;

      3) ұйымдастырылмаған сауда нүктелеріндегі қосымша байқау;

      4) кәсіпорындарда жұмыс уақытын пайдалану бойынша статистикалық байқау;

      5) шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуында салықтық, қаржылық және басқа да тексерулер нәтижелерін зерделеу.

      Тікелей әдістердің ішінде халықтың әл-ауқаты деңгейі, жұмыспен қамтылуы, табыстар мен шығыстар құрылымдарын зерделеуге бағытталған үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу неғұрлым басым болып табылады.

      10. Жанама әдіс зерттелетін экономикалық құбылыстың барлық аспектілері туралы қолда бар ақпараттық базаны терең зерделеудің белгіленген жолымен жанама деректерді пайдалану негізінде қосымша бағалау және есептеу жүргізуді қамтиды.

      Жанама әдістерге келесі жұмыстар жатады:

      1) табыстар мен шығыстар әдісінің көмегімен ұлттық шоттар статистикасындағы алшақтықтар негізінде көлеңкелі нарық мөлшерін бағалау;

      2) кәсіпорындар арасында салықтарды төлеуден жалтаруға бейімділікті ескере отырып, салық органдары деректері негізінде көлеңкелі айналымды бағалау;

      3) жұмыс уақыты шығындарын есепке алумен ресми экономикада еңбек етуші халық белсенділігінің құлдырауына байланысты көлеңкелі нарық мөлшерін бағалау;

      4) монетарлық агрегаттарды пайдалану (қолма-қол ақша көлеміне сұраныс).

      11. Құрама әдіс бағалаудың тікелей және жанама әдістерін, сонымен қоса сараптамалық бағалауларды қамтиды.

      12. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бақыланбайтын қызметінің (жасырын, заңсыз қызмет) параметрлерін анықтаушы әдісті таңдау нақты салаларда осы саланың ерекшелігіне, ақпараттың қайнар көздерінің болуына, қосымша зерттеу жүргізу мүмкіндігіне және басқа факторларға байланысты.

3-тарау. Бақыланбайтын экономиканы бағалау

      13. Қазақстан Республикасында бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін бақыланбайтын экономиканың N1, N2, N3, N6 және N7 (N7а түрі) типтері бойынша есептеулер жүргізіледі.

      Бақыланбайтын экономиканың N1, N3, N6 және N7 (N7а ішкі типі) типтері бойынша есептеулер осы Әдістеменің 3-тарауының 1), 2), 3) және 4) параграфтарында келтірілген.

      Бақыланбайтын экономиканың N2 типі бойынша есептеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №125 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15848 болып тіркелген Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесінде берілген.

      Бақыланбайтын экономиканың N4 және N5 типі бойынша есептеулерді Бюро қолданбайды, өйткені статистикалық бизнес-тіркелім және деректерді жинау мен өндеу процестері автоматтандырылған және уақтылы өзектілендіріледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. N1 типі бойынша есеп – тіркелмеген кәсіпорындар өндірген шығарылым көлемі.

      14. N1 типінің кезеңділігі – жылдық.

      Есеп жүргізу үшін ақпарат көзі келесі болып табылады:

      1) шағын кәсіпорындардың шығарылымдары негізінде есептелген экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың ЖҚҚ;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 21183 болып тіркелген) Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының (бұдан әрі – Сауалнама) деректері.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      15. Алгоритмді және есептеу әдісін сипаттау

      1) аптасына жұмыспен өтелген сағаттарды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына (40 сағат) орташа бір жұмыспен қамтылғанға бөлу арқылы толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыт коэффициентін есептейміз.



      мұндағы:

      kжіө – толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tжіө – бір жұмыспен қамтылғанға орташа бір аптаға жұмыспен өтелгені, сағат;

      40 - жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы.

      2) толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін, жұмыспен қамтылғандардың санын анықтаймыз:



      мұндағы:

      qтолық – толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін, жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qбарлығы – негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық саны (адам);

      kжі – толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      3) толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ есептеледі:



      мұндағы:

      ЖҚКжi – экономикалық қызмет түрлері бойынша толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ (мың теңге);

      ЖҚКбарлығы – ЖҚҚ барлығы (ұлттық шоттар деректері) (миллион теңге);

      qтолық – толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыспен қамтылғандардың саны (адам).

      Сауалнама деректерінің негізінде тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі және қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халықтың саны анықталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзатын еңбек қызметінің белгілерін сипаттайтын сұрақтар осы Әдістемеге 2-қосымшада берілген.

      4) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халыққа аптасына 40 сағатқа жұмыспен өтелген уақыттың коэффициентін есептейміз:



      мұндағы:

      Кж.і.н..ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tж.і.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорында жұмыс істейтін, негізгі жұмыста бір жұмыспен қамтылғанға орташа алғанда аптасына жұмыспен өтелгені (сағат).

      5) тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, негізгі жұмыспен қамтылғандардың санын есептейміз:



      мұндағы:

      qтолық.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылғандар саны (адам);

      qбарлығ.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындардарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста қамтылған халық саны (адам);

      kжасалған.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      6) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін аптасына 40 сағатқа жұмыспен өтелген уақыттың коэффициентін табамыз:



      мұндағы:

      kж.і.қ.х. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tж.і.қ.х. – тіркелмеген кәсіпорында жұмыс істейтін, қосымша жұмыста бір жұмыспен қамтылғанға орташа аптасына жұмыспен өтелгені (сағат).

      7) тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың санын есептейміз:



      мұндағы:

      qтолық.қ.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық апта жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qбарлығы.қ.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халықтың саны (адам);

      kжі.қ.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, толық апта қосымша жұмыспен қамтылған халық үшін жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      8) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі және қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ есептейміз:



      мұндағы:

      ЖҚҚn1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ, млн.теңге;

      ЖҚҚжқ – экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ (мың теңге);

      qтолық.н.х. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qтолық.қ.х. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам).

      9) тіркелмеген кәсіпорындарда, аралық тұтыну ЖҚҚ-дан 25% ретінде (немесе жалпы шығарылымнан 20%) деп қабылданады:



      мұндағы:

      ATN1 - тіркелмеген кәсіпорындарда тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсетудің аралық тұтынуы (миллион теңге);

      ЖҚҚN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ (миллион теңге).

      10) Тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген жалпы шығарылым ЖҚҚ және аралық тұтынуды қосу арқылы есептеледі:



      мұндағы:

      ЖӨN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген жалпы шығарылым (миллион теңге);

      ЖҚҚN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ (миллион теңге);

      ATN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсетудің аралық тұтынуы (миллион теңге).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. N3 типі бойынша есептеу – заңнамаға сәйкес тіркелмеуі тиіс өндірушілердің шығарылым көлемі

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. N3 типінің кезеңділігі – жылдық.

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі бейресми сектор кәсіпорындары (үй шаруашылықтары) бойынша Бюро ұсынатын келесі деректерболып табылады:

      1) ауыл, орман және балық шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өз тұтынуы, сату немесе айырбастау үшін өндіретін, бірақ өндіріс көлемінің аздығынан кәсіпорын ретінде міндетті тіркеуге жеткіліксіз болғандықтан тіркелмеген, бір жылдық немесе екі жылдық және көпжылдық дақылдарды өсірумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын үй шаруашылықтарының өндіріс көлемі. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көздері ауыл шаруашылығы саласындағы іріктемелі статистикалық байқаулар болып табылады;

      2) өңдеу өнеркәсібінде – үй шаруашылықтары өздерінің түпкілікті тұтынуы, сату немесе нарықта айырбастау үшін өндірген өнім көлемі. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады;

      3) құрылыста – жеке тұлғалардың саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде, гараждарда және басқа да объектілерде саяжай үйлері және басқа да аула құрылыстарын салу бойынша атқарылған жұмыс көлемі. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады;

      4) көтерме және бөлшек саудада, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуде – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сату көлемі. Саудада шығарылым ретінде сауда белгісі қолданылады. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін жеке көлік құралдарын техникалық жөндеу және жуу бойынша көрсетілетін қызметтерден түскен үй шаруашылығының кірістері есепке алынады. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады.

      Коммерциялық мақсатта тауарларды кейіннен қайта сату үшін импорттайтын жеке тұлғалардың кірістері қазақстандық азаматтардың шекаралас елдерге (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қытай Халық Республикасы) бару жиілігін және бір сапарда әкелінетін тауарлардың орташа көлемін талдауды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері негізінде бағаланады;

      5) көлікте – үй шаруашылықтарының жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтен түскен табыстары. Есептеу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жеке көрсетілетін қызметтерге жете есептеулер жүргізіледі:

      1) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша – жеке тұлғалардың тұрғын үйдi (өз үйiнде шартты түрде тұруын қоспағанда), тұрғын емес үй-жайларды және автотұрақтарды бейресми жалға беруден түскен кірістер.

      Жеке тұлғалардың пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердi жалға беруден түсетiн кiрiстерiн бағалау ресми статистикалық ақпараттың негiзiнде жүзеге асырылады:

      - тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімінің деректері;

      - тұрғын үй нарығындағы бағалар статистикасы.

      Есепке тұрғын үйді бейресми (тіркелмеген) жалға беруден, яғни кәсіпкерлік қызмет ретінде мемлекеттік тіркеусіз алынған кірістер кіреді.

      Жеке тұлғаның меншігінде бес пәтерден артық болса, алғашқы екеуін меншік иесі немесе оның туыстары пайдаланатын болса, ал үшіншіден бастап пәтерлер бейресми түрде жалға беріледі деп есептелетін жағдайлар ескеріледі. Жалпы есептелген кірістің 67% бақыланбайтын экономикаға тиесілі.

      Сондай-ақ, есептеулер қалалық жерлерде жеке тұрғын үйлердің шамамен 5% тиісті қызметті ресми тіркеусіз жалға береді деп болжайды.

      Жеке тұлғалардың тұрғын емес үй-жайларды (соның ішінде коммерциялық үй-жайларды және автотұрақтарды) жалға беруден түсетін кірістерін бағалау үшін ақпарат көзі әкімшілік деректер және баламалы, жалпыға қолжетімді деректердегі тұрғын емес үй-жайлардың орташа бағалары туралы ақпарат болып табылады.

      Есептеулер жеке тұлғаларға тиесілі коммерциялық үй-жайлардың 10% және автотұрақтардың 10% бейресми түрде жалға беріледі деп болжайды. Жалға алынған мүліктің жалпы көлемінен заңды (ресми тіркелген) жалдау жағдайлары алынып тасталады;

      2) көрсетілетін қызметтердің өзге де жеке түрлерін ұсыну бойынша – үй шаруашылықтары киім, аяқ киім тігу және оларды жөндеу, тұрмыстық құралдар мен металл бұйымдарын жөндеу бойынша көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ шаштараздар мен сұлулық салондарындағы қызметтен түсетін кірістер. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады;

      3) үй қызметшісін жалдайтын және өз тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі бойынша – үй шаруашылықтарының басқа да жеке қызметтері (үй күтуші, аспаз, жүргізуші, бақташы) бойынша көрсеткен қызметтерінен түсетін кірістер. Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі үй шаруашылығын зерттеу деректері болып табылады;

      4) білім беруде – репетиторларға және осы саламен байланысты басқа білім беру қызметтеріне жете есептеулер. Репетиторлардың көрсеткен қызметтерінің құны мына формула бойынша есептеледі:

     

(11)

      мұндағы:

      Vr – шығарылым, теңге;

      Rs – мектеп оқушыларының саны, адам;

      H – оқу жылының жалпы ұзақтығы, апта;

      Т – аптадағы сабақ саны, бірлік;

      P – репетитормен бір сағаттық сабақтың құны, теңге.

      Шығарылымды бағалау кезінде 6, 9, 11, 12 сынып оқушыларының жалпы санының 10% пайдаланылады;

      5) денсаулық сақтауда – медициналық қызметтер көрсету бойынша бейресми қызметті жүзеге асыратын медициналық персоналға жете есептеулер. Медициналық персоналдың қосымша табысы мына формула бойынша есептеледі:

      E = U х Y х D х F (12)

      мұндағы:

      E – шығарылым, теңге;

      U – медициналық персонал саны;

      Y – аптасына көрсетілген қызметтердің саны, бірлік;

      D – медициналық қызметтердің орташа құны, теңге;

      F – жылына жұмыс апталарының саны, бірлік.

      Шығарылымды бағалау кезінде учаскелік медбикелер санының 20% пайдаланылады;

      6) өнер саласы бойынша – өнер саласы бойынша – өнер және ойын-сауық саласындағы қайраткерлер (ресми емес жеке іс-шараларда өнер көрсететін музыканттар, әртістер, асабалар) көрсететін қызметтерге жете есептеулер. Қосымша табыс мына формула бойынша есептеледі:

      E= A х B х C (13)

      мұндағы:

      Е – шығарылым, теңге;

      А – мейрамхана санатындағы тамақ пен сусындар ұсынатын объектілердің саны, бірлік;

      B – жылдағы іс-шаралар саны, бірлік;

      С – қызмет көрсету құны, теңге.

      Шығарылымды бағалау барлық мейрамханалардың 80% және жылдағы барлық оқиғалардың 20% пайдаланады;

      7) инфлюенсер (блогер) бойынша – кәсіпкерлік қызмет мақсатында тұлғалардың беймәлім тобына бағытталған онлайн-платформалардағы кәсіпкерлік қызмет мақсаттағы онлайн-жарнамалардан түсетін кірістер. Сәйкес есептеулерді жүргізу үшін ақпарат көзі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің әкімшілік деректері болып табылады;

      8) Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетел азаматтары бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тарту бойынша әкімшілік деректердің, сондай-ақ бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы туралы ресми статистикалық деректердің негізінде есептелген кірістер.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. N3 типті Экономикалық қызмет түрлерін аралық тұтыну табыстың шамамен 25-30% құрайды, қызметтің бір бөлігі экономиканың бейресми секторында жүзеге асырылады. ЖҚҚ шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      "N3– заңнамаға сәйкес тіркелмеуі тиіс өндірушілердің шығарылым көлемі" типін бағалау ұйымның төмен деңгейінде еңбек және капитал бөлінісі аз немесе мүлдем бөлінбейтін бірліктер өндіретін тауарлар мен қызметтерді өндіріс факторлары ретінде, сондай-ақ шағын ауқымда бағалауға мүмкіндік береді. Үй шаруашылығында өндірістік қызметтің әртүрлі түрлері жүзеге асырылуы мүмкін болғандықтан, бұл бағалау нақты жағдайды сипаттай алмайды және салық органдарының бақылау шаралары үшін пайдаланыла алмайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. N6 типі бойынша есеп – саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілердің шығарылым көлемін есептеу

      19. N6 типінің кезеңділігі –жылдық.

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көздері:

      1) салық есептілігі нысандарына сәйкес салық төлеушінің сатудан түскен кірісі (бұдан әрі – кіріс);

      2) есепті кезеңдегі салықтық түсімдер;

      3) есепті кезеңде ұлттық шоттарды есептеу үшін қабылданған, экономикалық қызмет түрлері бойынша аралық тұтыну бойынша деректер.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Осы Әдістеменің 19-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бюроға жыл сайын жолдайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көлеңкелі экономика (көлеңкелі айналым) салық төлеу деңгейін ескере отырып, субъект және аймақ бойынша орташа салалық кірістің салық төлеушінің кірісінен айырмасы ретінде есептеледі.

      Есептеу кезінде мынадай салық төлеушілер алынып тасталады:

      1) салықтық түсімдері теріс мәнге ие салық төлеушілер;

      2) салық органының коды, мөлшері мен қызмет түрі бойынша деректері жоқ салық төлеушілер;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі айқындайтын тізім бойынша мониторингке жататын салық төлеушілер;

      4) салық заңнамасына сәйкес салық жеңілдіктерін қолданған салық төлеушілер;

      5) бюджетке түсетін салықтық түсімдерінің табысқа қатынасы 50% асатын салық төлеушілер;

      6) әрбір қызмет түрі бойынша кірістері өлшемі мен ауданын ескере отырып, бес және одан да көп есе асатын салық төлеушілер.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Есептеу алгоритмі мен әдісінің сипаттамасы:

      1) әр салық төлеуші үшін салық төлеу деңгейі есептеледі:


(14)

      мұндағы:

      СТД – кәсіпорынның салық төлеу деңгейі,%;

      СМТ – бюджетке төленген салық төлемдердің сомасы, теңге;

      К – салық төлеушінің кірісі, теңге;

      2) экономикалық қызмет түрлері мен кәсіпорындардың көлемі (ірі, орта, шағын) бойынша салық төлеудің салалық орташа деңгейі мынадай формула бойынша аудандық деңгейде есептеледі:


(15)

      мұндағы:


– салық төлеу деңгейінің орташа салалық мәні, теңге;

– тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша салық төлеушілердің салық төлеу деңгейлері, теңге;

      n – тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша салық төлеушілер саны, бірлік;

      3) жалпы өнім ретінде қабылданған экономикалық қызмет түрлері мен кәсіпорындардың (ірі, орта, шағын) көлемі бойынша орташа салалық кіріс мынадай формула бойынша аудандық деңгейде есептеледі:


(16)

      мұндағы:


– салық төлеушілердің орташа салалық кірісі, теңге;

– тиісті экономикалық қызмет түрі бойынша салық төлеушілердің кірісі, теңге;

      n – тиісті экономикалық қызмет түрі, кәсіпорындардың көлемі бойынша салық төлеушілердің саны, бірлік.

      Салық төлеу деңгейі салалық орташа көрсеткіштен төмен және табысы салалық орташа көрсеткіштен төмен кәсіпорындар бойынша жете есептеу жүргізіледі.

      Шығарылым ретінде айқындалған жете есептеу салалық орташа кіріс пен салық төлеушінің кірісі арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      N6 типі бойынша жете есептеулер мынадай салалар бойынша жүргізілмейді:

      - тау-кен өндіру өнеркәсібі;

      - электрмен жабдықтау, газ беру, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды бақылау;

      - қаржылық қызмет;

      - мемлекеттік басқару және қорғаныс;

      - білім беру;

      - денсаулық сақтау.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Аралық тұтыну есепті кезеңде ұлттық шоттардың тиісті экономикалық қызмет түрлерінің аралық тұтынуының қабылданған үлесіне сәйкес келеді, сонымен бірге бұл үлес қызметтің бір бөлігі экономиканың көлеңкелі секторында жүзеге асырылатындығына байланысты ерекшеленуі мүмкін.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. ЖҚҚ шығарылым мен аралық тұтынудың айырмасы ретінде есептеледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Осы параграфта сипатталған бақыланбайтын экономика есптеулері есепті деректерге негізделген жыл сайынғы ЖІӨ есептеуде қолданылады.

4-параграф. N7а ішкі типі бойынша есеп

      26. Ішкі типтің кезеңділігі – жылдық.

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі экономикалық қызмет түрлері бойынша Бюро қалыптастыратын кәсіпорындардың жалпы шығарылымы болып табылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. N7а-ға толық емес, жиналмаған немесе алғашқы дереккөздерден тікелей жиналған өндірушілер шығарылымының көлемі жатады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.12.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жаппай әдіспен зерттелетін, есеп бермеген кәсіпорындар бойынша жалпы шығарылым жете есептеулер әр қызмет түрі бойынша мынадай формула бойынша жүргізіледі:


(17)

      мұндағы:


– есептерді ұсынбаған, тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша жаппай әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың жалпы шығарылымы, миллион теңге;

– тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша бір кәсіпорынға келетін жаппай әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың жалпы шығарылымның орташа мәні, миллион теңге;

– есептерді ұсынбаған, тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша жаппай әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың саны, бірлік.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Іріктеме әдісімен зерттелетін, есеп бермеген кәсіпорындар бойынша жете есептеу әр қызмет түрі бойынша мынадай формула бойынша жүргізіледі:


(18)

      мұндағы:


– есептерді ұсынбаған, тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша іріктемелі әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың жалпы шығарылымы, миллион теңге;

– тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша бір кәсіпорынға келетін іріктемелі әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың жалпы шығарылымның орташа мәні, миллион теңге;

– есептерді ұсынбаған, тиісті қызмет түрі мен өлшемділігі бойынша іріктемелі әдіспен зерттелетін кәсіпорындардың саны, бірлік.
      Ескерту. Әдістеме 29-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Жолаушылар тасымалы (такси) және қоғамдық тамақтану (мейрамханалар мен барлар) салаларындағы "шайпұлды" бағалау үшін тиісті салалардағы жалпы шығарылымның 5% үлесін құрайтын тіркелген үлесі пайдаланылады.

      Ескерту. Әдістеме 30-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Сондай-ақ, мынадай салалар бойынша жеке қызметтерге "шайпұлға" жете есептеулер жүргізіледі:

      1) білім беруде "шайпұлдар" құны мынадай формула бойынша есептеледі:


(19)

      мұндағы:

      Q – "шайпұлдардың" жалпы сомасы, теңге;

      J – педагогтар саны, адам;

      W – мерекелер саны, бірлік;

      I – бір "шайпұлдың" орташа құны, теңге;

      2) денсаулық сақтауда "шайпұлдар" құны мынадай формула бойынша есептеледі:


(20)

      мұндағы:

      Q – "шайпұлдардың" жалпы сомасы, теңге;

      J – медициналық жағдайлар саны (бір жылда туылған балалар саны және бір жылда жасалған операциялар саны), бірлік;

      I – бір "шайпұлдың" орташа құны, теңге.

      Ескерту. Әдістеме 31-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.08.2025 № 24 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Бақыланбайтын экономиканы
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

Бақыланбайтын экономика бойынша Еуростаттың кестелік тәсілі


I Тіркелмегендер

II Байқаумен қамтылмағандар

III Толық емес есептілік

IV Статистикалық жете есептер

Типтер

N1

N2

N3

N4

N5

N6

N7a

N7b

Сипаттама

Әдейі тіркелмейтін өндірушілер - астыртын қызмет

Әдейі тіркелмейтін өндірушілер - заңсыз қызмет

Заңнамаға сәйкес тіркелуі тиіс емес өндірушілер

Зерттеумен қамтылмаған заңды тұлғалар

Зерттеумен қамтылмаған тіркелген кәсіпкерлер

Саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер

Толық емес, жиналмаған немесе алғашқы дереккөздерден тікелей жиналмаған деректер

Статистиктер қате есепке алған, өңдеген және ұсынған деректер

Пайда болу себептері

Өндірушілер әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелерден және салықтары төлеуден жалтару мақсатында саналы түрде тіркелмейді. Салық органдарына есеп беретін табыс деңгейі бар шағын өндірушілер жатады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған тауарлар өндірілетін және қызмет көрсетілетін өндірістік қызмет немесе тиісті рұқсатты алусыз өндірушілер жүзеге асыратын болса заңсыз болып табылатын қызмет.

Кішігірім нарықтық шығарылымы бар, бірақ ол кәсіпкер ретінде тіркелетін белгіленген деңгейден төмен үй шаруашылықтары өндіруші болып табылады.

Бизнес-тіркелімнің өзекті еместігі, классификация өлшемшарттарының дұрыс еместігі сияқты кейбір себептерге байланысты зерттеулермен қамтылмаған заңды тұлғалар жатады.

Тіркелген кәсіпкерлер кәсіпорындар тіркеліміне қосылмауы мүмкін және/немесе статистикалық зерттеулерден алынып тастауы мүмкін.

Салықтардан жалтару мақсатында шығарылымды әдейі төмендетіп және/немесе аралық тұтынуды жоғарылатып көрсететін өндірушілер жатады.

Кәсіпорын зерттеуге қосылғанымен, зерттеу сауалнамасында олардан тапсырыл-ған деректер алынбаған немесе сауалнама дұрыс емес мекен-жайға жолданған немесе кәсіпорын зерттеуде белгіленген емес басқа мерзімдерде жауап берген.

Статистиктер дұрыс есепке алмаған, өңдемеген деректер.

Бақыланбайтын экономика бойынша Еуростаттың кестелік тәсілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарының қолдануы


Бағалау тәсілдері

Есеп осы әдістеменің 3-тарауының 1-параграфында сипатталған.

N2 бойынша есептер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минситрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда №17952 болып тіркелген Заңсыз қызмет түрлерін бағалау әдістемесінде сипатталған.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауы 2-параграфында сипатталған.

Қолданылмайды. Бизнес-тіркелім күн сайын онлайн тәртібінде өзектендіріледі.

Қолданылмайды.
Барлық тіркелген кәсіпкерлер ағымдағы статистикалық байқаулармен ішінара зерттеліп, кейін жалпы жиынтыққа таратылады.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауының 3-параграфында берілген.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауы 4-параграфында берілген.

Қолданылмайды.
Мемлекеттік стати-стика органдарында дерек-терді жинау мен өңдеуде формат-тық–логикалық бақылауы бар авто-маттандырылған процестер қолданылады.

  Бақыланбайтын экономиканы
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзатын еңбек қызметінің белгілерін сипаттайтын мәселелер

Негізгі жұмыс (қызмет)

Қосымша жұмыс (кәсіп)

Өз бетімен жұмыс істейтіндер

Жалдамалылар

Өз бетімен жұмыс істейтіндер

Жалдамалылар

Сіз заттай немесе ақшалай табыс табу үшін өткен аптада кемінде 1 сағат болса да қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба немесе қандай да бір кәсібіңіз (түрлі қызмет көрсетуді қоса алғанда) болды ма? 1. Иә



Сіздің өткен аптада кемінде 1 сағат болса да негізгі жұмысыңыздан басқа ақшалай немесе заттай табыс табу мақсатында басқа да қосымша жұмысыңыз, демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысыңыз болды ма?
1. Иә

Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы жақсырақ сипаттай алады?
1. Ұйымда жалдану бойынша жұмыс
2. Жеке тұлғаларға жалдану бойынша жұмыс
3. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдану бойынша жұмыс
4. Қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс

Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы жақсырақ сипаттай алады?
5. Өз бетімен жұмыс істейтін қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер)
6. Жұмыс беруші
7. Отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері
8. Өндірістік кооператив мүшелері
9. Жеке қосалқы шаруашылықта

Сіздің қосымша жұмысыңыз (кәсібіңіз) болды:
1. Ұйымда жалдану бойынша жұмыс
2. Жеке тұлғаларда жалдану бойынша жұмыс
3. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдану бойынша жұмыс
4. Қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс

Сіздің қосымша жұмысыңыз (кәсібіңіз) болды:
5. Өз бетімен жұмыс істейтін қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер)
6. Жұмыс беруші
7. Отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері
8. Өндірістік кооператив мүшелері
9. Жеке қосалқы шаруашылықта


Сіз жұмысқа шарт немесе ауызша уағдаластық бойынша қабылдандыңыз ба?
2. Ауызша уағдаластық бойынша


Сіз қосымша жұмысқа шарт бойынша немесе уағдаластық бойынша қабылдандыңыз ба?
2. Ауызша уағдаластық бойынша


Сіздің жұмыс берушіңіз немесе Сіз өзіңіздің зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар аударасыздар ма?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Қосымша қызметте Сіздің жұмыс берушіңіз немесе Сіз өзіңіз зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар аударасыздар ма?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сізге жұмыс берушіңіз ақы төленетін жылдық еңбек демалысын немесе пайдаланылмаған еңбек демалысыңыз үшін өтемақы береді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Қосымша жұмыста Сіздің жұмыс берушіңіз ақы төленетін жылдық еңбек демалысын немесе пайдаланылмаған еңбек демалысыңыз үшін өтемақы береді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сіз қалай ойлайсыз, науқастанып қалған немесе жарақаттанған жағдайда жұмыс беруші Сізге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы негізінде) әлеуметтік жәрдемақы төлейді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сіз қалай ойлайсыз, қосымша қызметте науқастанып қалған немесе жарақаттанған жағдайда жұмыс беруші Сізге уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы негізінде) әлеуметтік жәрдемақы төлейді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін

Сіз негізгі жұмысты орындадыңыз:
1. Ұйымда (заңды тұлға)
2. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаумен)
3. Шаруа немесе фермер қожалығында
4. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаусыз)

Сіз қосымша жұмысты орындадыңыз:
1. Ұйымда (заңды тұлға)
2. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаумен)
3. Шаруа немесе фермер қожалығында
4. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаусыз)

Сіз негізгі жұмыс істейтін ұйым, кәсіпкерлік қызмет салық органдарында тіркелген бе?
3. Білмеймін
4. Жоқ

Сіз қосымша жұмыс істеген ұйым, кәсіпкерлік қызмет салық органдарында тіркелген бе?
3. Білмеймін
4. Жоқ

Сіз өткен аптада негізгі жұмыс істеген ұйымның, дара кәсіпкерлік қызметінің басым түрлерін атауыңызды өтінемін
(Интервьюер, ауызша толығырақ сипаттап беріңіз және экономикалық қызмет түрінің кодын қойыңыз)

Сіз қосымша жұмысыңызда қандай лауазымда болдыңыз немесе қандай мамандық бойынша жұмыс істедіңіз (Сіздің қосымша жұмысыңыз неден тұрды)?
(Интервьюер, ауызша толығырақ сипаттап беріңіз және Қызметтер жіктеуіші бойынша кодты қойыңыз).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады