Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 23.09.2019 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 2018 жылғы 21 маусымдағы № 01-26/2018 ұсыныс хатына сәйкес, Бозанбай ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округінің Алғабас ауылы және "Ермек" шаруа қожалығын ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бозанбай ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі А. Касеновқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бозанбай ауылдық округі әкімінің м.а. | К. Саденов |
