"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 16-11/282 ұсынысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шакырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шакырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Амангелді ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 05, (2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 4324 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2017 жылғы 06 қазан № 44 "Кішкенекөл таңы" және "КызылТу" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Уәлиханов ауданы | |
| Амангелді ауылдық округінің | |
| әкімі | Қ.Жексембаев |
