"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мамлют ауданы Дубровное селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 01-12/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-125 болып тіркелді, 2011 жылғы 14 қаңтардағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
Шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
Шешімнің орыс тіліндегі орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Дубровное ауылдық округ әкімі |
Г.Швецова |
