Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.12.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Петропавл қалалық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Петропавл қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 "Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 тамыздағы "Проспект СК", "Қызылжар нұры" газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Петропавл қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 2 "Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
К. Мұқышев |
|
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
А. Бердағұлов |
| Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешiмiне 1-қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.03.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 23.04.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ | Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,07 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,2 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,8 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,2 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,2 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,4 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,5 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 3,7 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,2 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,3 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары | 1 отыратын орын | 0,4 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,004 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,009 |
14 | Азық-түлік дүкендері, өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,8 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,9 |
21 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
22 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,02 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орны | 3,4 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 5,4 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,2 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,1 |
30 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 35,9 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0 |
* Ескертпе:
м2 - шаршы метр
м3 - текше метр.
| 2018 жылғы 27 тамыздағы қалалық мәслихаттың № 4 шешіміне 2 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.03.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, теңге |
1 | Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифтері | ||
1.1 | жайлы үйлер | айына 1 адамға | 220 |
1.2 | жайлы емес үйлер | айына 1 адамға | 234 |
2 | Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифі | 1 текше метрге | 2530 |
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі | 1 тоннаға | 1153 |
