"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 164 "Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-153 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | Т. Решетникова |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Исенғазин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті
Федоров ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ Д. Сауашев
"14" ақпан 2018 жыл
