"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5749 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 11 "Мәслихаттың 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6346 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезектен тыс сессияның төрағасы | Г. Батуринец |
| Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ М. Бекпасов
КЕЛІСІЛДІ
"Сарыкөл ауданы
әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Қ. Жүнісов
