"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 53 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6671 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы | М. Мамонтова |
| Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер
департаментінің Рудный қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________________ Н. Ахметкалиев
27 сәуір 2018 жыл
