"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ә.Жарылқағанов |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 13 қаулысына қосымша |
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк аумақтық орналасуы (аудан) | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақысының мөлшерi (теңге) | ||||||||
Балабақша (бөбекжай-бақша) | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын орталықтар | Дербес толық күндiк шағын орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын орталықтар | Балабақша (бөбекжай-бақша) | Мектеп жанын дағы толық күндiк шағын орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын орталықтар | Дербес толық күндiк шағын орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын орталық тар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | Қазалы ауданы | 1100 | 660 | 0 | 0 | 0 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | 0 | 0 | 0 |
