"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мына әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен елді мекендер таратылып, жақын орналасқан елді мекендер:
1) Арал ауданы бойынша:
Сексеуіл кентінің Құланды жылқы зауыты Сексеуіл кентінің құрамына;
Қосаман ауылдық округінің Бердікөл ауылы Қосаман ауылының құрамына;
Қаратерең ауылдық округінің Көлжаға ауылы Жаңақоныс ауылының құрамына;
Атанши ауылдық округінің Атанши ауылы Жіңішкеқұм ауылының құрамына;
Қарақұм ауылдық округінің Көкаша ауылы Абай ауылының құрамына;
Жетес би ауылдық округінің Водокачка ауылы Раиым ауылының құрамына;
Бөген ауылдық округінің Көне Бөген ауылы Бөген ауылының құрамына;
Қамыстыбас ауылдық округінің №91 разъезді №92 разъездінің құрамына;
2) Қазалы ауданы бойынша:
Басықара ауылдық округінің №98 разъезді Басықара ауылының құрамына;
Майлыбас ауылдық округінің №103 разъезді №102 разъездінің құрамына;
Сарбұлақ ауылдық округінің Сортүбек ауылы Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылының құрамына;
Мұратбаев ауылдық округінің №96 Кеңес разъезді Мұратбаев ауылының құрамына;
3) Қармақшы ауданы бойынша:
Жосалы кентінің Кемесалған ауылы және Шошқакөл ауылы Жосалы ауылының құрамына;
Жаңажол ауылдық округінің Шалқар ауылы және Смайылтамы ауылы Дүр Оңғар ауылының құрамына;
Қуаңдария ауылдық округінің Тұрғантамы ауылы Қуаңдария ауылының құрамына;
Ақжар ауылдық округінің Таңшапағы ауылы Ақжар ауылының құрамына;
Үшінші интернационал ауылдық округінің Бірлік ауылы Үшінші интернационал ауылының құрамына;
4) Сырдария ауданы бойынша:
Тоқмағанбетов атындағы ауылдық округінің №8 разъезді және №9 разъезді Тоқмағанбетов атындағы ауылының құрамына;
5) Шиелі ауданы бойынша:
Талаптан ауылдық округінің №19 разъезді Бала би ауылының құрамына;
6) Жаңақорған ауданы бойынша:
Кейден ауылдық округінің Қауық ауылы Аққұм ауылының құрамына;
Талап ауылдық округінің Сатымсай разъезді Бесарық станциясының құрамына;
Бесарық ауылдық округінің Апанқақ ауылы Бесарық ауылының құрамына;
7) Қызылорда қаласы бойынша:
Талсуат ауылдық округінің Геологов ауылы және Қызылжарма ауылдық округінің №11 разъезді Талсуат ауылдық округінің Талсуат ауылының құрамына;
Қызылжарма ауылдық округінің Байқадам ауылы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
|
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 24-сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы |
Н. Байқадамов |
