Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 01.10.2018 № 328 (оның алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылының аумағында жылқылар арасында ринопневмония және салмонеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімі | К. Максутов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы | |
| Министрлігі Ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық | |
| аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің | |
| басшысы | Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 09 сәуір.
