Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үміткер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Үміткер ауылындағы Центральная көшесі – Қылыш Бабаев көшесі болып, Үміткер ауылындағы Мостовая көшесі – Бейбітшілік көшесі болып, Үміткер ауылындағы Степная көшесі – Жаңа жұрт көшесі болып, Үміткер ауылындағы Заречная көшесі – Ақ бұлақ көшесі болып, Үміткер ауылындағы Энергетиков көшесі – Сарыжайлау көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үміткер ауылдық округінің әкімі | Е. Мыстаев |
