Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 01 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарауылкелді ауылының "Бармақ батыр", "Барақ батыр", "Құрылысшылар" және "Қазақстан" көшелеріндегі ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 635 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5151 болып тіркелген, 2016 жылдың 8 желтоқсанында "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарауылкелді ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі: |
С. Жұбан |
