Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 01.10.2018 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 01-24-115 ұсынысы негізінде, Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының пайда болуына байланысты Шортанды ауданының Петровка ауылдық округінің Белое озеро ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Петровка ауылдық округінің әкімі |
В.Шимков |
